Үздік жаңалықтар

Шымкент қаласының Ақжайық шағынауданында 51 отбасы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілттері салтанатты түрде табысталып, шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Баспанаға төлем қабілеттілігін растаған азаматтар «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары арқылы Отбасы банкі арқылы қол жеткізді. Жаңа қоныс иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұялар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бюджет саласының қызметкерлері бар. Мұндай жобалар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауға бағытталған. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға серпін беруде.

«Өрлеу» бағдарламасы енді цифрланып, кәсіпкерлерге жедел, оңай қызметке жол ашты. Бұл бағыттағы алғашқы қадамды Freedom Bank жасап, жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу» бағдарламасы бойынша несие беруді онлайн форматқа көшірді. Кәсіпкерлерге бұл қандай артықшылық береді? 12,6%-дық несие; бірнеше минут ішінде онлайн өтінім беру; 3 сағатқа жетпейтін уақытта қаралады; ақша 24 сағат ішінде шотқа түседі. Қарыздың максимал сомасы – айналым қаражатын толықтыруға 200 млн теңгеге дейін, 3 жылға беріледі. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, көлік және қойма, ауыл шаруашылығы секілді басымдық берілген салаларды қамтиды. Салалар тізімімен damu.kz сайтында танысуға болады. Несиеге қашықтан өтінім беру үшін банк сайтына кіріп, компания мәліметтерін енгізіп ЭЦҚ арқылы қол қою ғана керек. Уақыт пен қаржылай шығынның қажеті жоқ. Бұл әсіресе шалғай елді мекендердегі кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Енді дүниенің кез келген бұрышында отырып мемлекеттік бағдарламаға қатыса аласыз. Бұл – басы ғана, Болашақта несие беру ісін цифрлық жүйеге көшіретін банктер қатары көбейе түспек.

Наразылықты табыстағаннан кейін адресаттың жауабын күту керек. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының шағымын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжаттамамен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті. Бұл құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға берген жауабына қоса берілуі тиіс. Егер сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы поштаға тапсырылса немесе мерзімнің соңғы күні сағат жиырма төртке дейін басқа байланыс құралдары арқылы берілсе, онда мерзім өткізіп алған болып есептелмейді. Егер күнтізбелік он күн ішінде сатушы (дайындаушы, орындаушы) наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өз еркімен өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап беру жөніндегі міндеттерді орындамауы - ескертуге әкеп соғады. ҚР ӘҚБтК – нің 190 – бабының бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – жеке тұлғаларға-он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бас маманы Д.Сейтаев

Португалияның Мадейра аралында туристер отырған автобус апатқа ұшырап, 29 адам қаза тапты деп хабарлайды РИА Новости

Оқиға 17 сәуір кұні кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Автобус жүргізушісі бақылаудан айырылды деп болжануда. Көлік жолдан шығып кетіп, үйдің төбесіне құлаған.

 

Жергілікті БАҚ автобуста 55-ке жуық адам болған деп хабарлауда.

Қаза тапқандар германиялық туристер. Автобус жүргізушісі мен гид Португалия азаматтары екен. Олар жарақаттанған, алайда жағдайларына қатысты нақты ақпарат жоқ.

Португалия премьері Антониу Кошта Twitter арқылы қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтқан. Ол Германия канцлері Ангела Меркельге де көңіл айтқан.

Германияның СІМ де марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

Прокуратура тергеуді бастап кетті. Мадейра үкіметі үш күндік аза тұту жариялады.

Ирандық боксшы қыз Садаф Хатем шаршы алаңға хиджабсыз шыққаны үшін, қамауға алынуы ықтимал

Шетелдік бақ таратқан ақпаратқа сәйкес, спортшыға ер азаматпен бірге жаттығу жасады деген айып та тағылуда.

 

Иранның әуесқой бокс федерациясы боксшыдан басын алып қашқан.

Басшылықтың айтуынша, спортшы қауымдастықтың мүшесі болып тіркелмегендіктен, турнирге жеке тұлға ретінде қатысыпты.

  • Айта кетейік, халықаралық турнирде жеңіске жеткен алғашқы Ирандық әйел Хадем болып табылады.
  • Спортшы турнир өткен Францияда қалып қойып, саяси баспана сұрауда.