Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу туралы спектакль қойылмақ
Тарихын тереңнен толғайтын Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры Төтенше жағдайға байланысты онлайн режимінде жұмыс атқаруда. Сахна сүйер актерлер әлеуметтік желімен әлеуеттің қошеметінен тыс қалып жатқан жоқ. Көрерменмен кері байланыс орнатып отыр. Қырықтан аса актері бар қара шаңырақ жоспарланған премьераларға үйде дайындық жүргізуде, деп хабарлайды «Оңтүстік» теларнасы. Алдын ала бөлінген рольдерді әркім өз отбасында отырып жаттауда. Театр ұжымы осылай алдағы мерекеге үлкен дайындық үстінде. Алдағы уақытта театр ұжымы Әбу-насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Шәмші Қалдаяқовтың мерей тойына арналған қойылымдарды жоспарлап отыр.Одан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында және жасөспірімдердің тәлім тәрбиесіне байланысты, яғни, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу туралы спектакльдер назарда тұр. Қара шаңырақ ұжымы карантин уақытында инстаграм арқылы аптасына үш рет тікелей байланысқа шығады. Тимур Ахметов, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі: «Бүгінгі эфир танымал режиссер Қуандық Қасымовпен өтеді.Карантинде құр жатпай өнер сүйер, театрсүйер қауымды онлайн түрде тұлғалармен сұхбат болсын деген ниетпен жасалып отыр. Алдағы уақытта Нұрсұлтан қаласының орыс драма театрының директорымен сұхбат болады. Ж.Шанин атындағы театр ұжымы ТЖ басталғалы өнер иелерімен 20 онлайын жүздесу эфирін өткізген. Оған қоса Тетардың ЮТУБ каналына 7 қойылымды қаралымға салған. Әлеуметтік желідегі спектакльдердің барлығы премъера кезіндегі түсіріліп алынған бейнеқойылымдар болатын.
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу туралы спектакль қойылмақ
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode