Салт-дәстүрімізді насихаттаушы
Ертеңгі ұлт ұйтқысы, шаңырақ шырайы болатын қыз баланы тәрбиелеу оңай емес. Оған ежелден тінін үзбей келе жатқан салт дәстүріміз көмекке келеді. Қазақтың ұлттық салт дәстүрін тірілтушілердің бірі Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Педагогика және мәдениет факультетінің театр және эстрадалық шығармашылық кафедрасының аға оқытушысы, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрімізді насихаттаушы Майра Ормолдаева. Қазақ этномәдениетіне қанық ана «Қызды оң босағаға шығару» дәстүрін насихаттап жүр. Ертеңгі ұлттың тірегі болар аруларды бала жастан тәрбиелеу керек деп санайтын ұстаз университет студенттеріне де, тойға жиналған қауымға да өсиетін айта жүреді. Құймақұлақ аналарымыз ертеңгі ұлт анасын тәрбиелегенде насихат құралы болсын деген ойы да бар.
Нұрбақыт Аймағамбет
Салт-дәстүрімізді насихаттаушы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode