"Отбасынан бір сельфи» сайысы өтті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

"Отбасынан бір сельфи»  сайысы өтті

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты 75 мектеп-гимназиясының 5б сынып оқушылары "Отбасынан бір сельфи»  атты жас талғампаздар сайысын ұйымдастырды. Әлеуметтік желідегі мектептің парақшасында оқушылар ұйымдастырған онлайн шара қызықты жалғасын тапты. Олар суретке түсіп қана қоймай өздері үшін отбасының қаншалықты қымбат екендігін айтып жүрекжарды лебіздерін білдірді. Отбасында бауырларына қалай қарайтынын, ата-аналарына қалай қолғабыс ететіндіктерін жарыса жеткізді. Өз кезегінде оларға отбасы құндылығын түсіндірудің тамаша үлгісі болды. Сайыс соңында жеңмпаздар анықталды. I дәрежелі дипломмен  "Super отбасы-2020" номинациясын РСЫМБЕТ ҚАСЫМЖОМАРТ, "Бақытты отбасы-2020" номинациясын Марат Айша жеңіп алды.

Нұрбақыт Аймағамбет