Отбасын бейнелеген байқау
Шымкент қаласы Білім басқармасы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 24 сәуір күні «Біз біргеміз!» тақырыбында қашықтықтан сурет салу байқауы өткізілді. Байқауға 10 мектептен 154 жұмыс келіп түсті. Балалар қызықты байқауға белсене қатысты. Отбасында ата-ана бауырларын салған олар, отбасы құндылығы туралы барынша бейнелеуге тырысыпты. Әр баланың суреті әртүрлі мағынаны білдіреді. Балалардың қызығушылығын оятқан байқау алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 1 оқушы,
ІІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы,ІІІ дәрежелі дипломмен 3 оқушы, «Ең жас суретші» номинациясымен 1-сыныптың 2 оқушысы, «Көркем сурет» номинациясымен 8 оқушы марапатталды.
Отбасын бейнелеген байқау
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode