Құндылықтар рухында тәрбиелеу маңызды
Елімізде COVID 19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында төтенше жағдай жариялануына байланысты білім беру мекемелері 4 тоқсанды қашықтықтан оқыту жүйесінде бастады.
Осы орайда Шымкент қаласының әдістемелік орталығының «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бөлімі 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күнін қашықтықтан оқыту жүйесінде мерекелеу жоспарын бекітті.
Аталған жоспарға сай өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу,сонымен қатар отбасы құндылығын дәріптеу, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеу, ұлттар мен ұлыстар арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайту мақсатында қашықтықтан оқыту жүйесінде «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Ынтымағы жарасқан Қазақстан!» челленджі ұйыдастырылды.
Сонымен қатар, «Бірлік пен келісім» тақырыбында қашықтықтан бірыңғай сынып сағаттары және «Бірлігіміз жарасқан» атты сурет салу байқауы өткізілді.
Құндылықтар рухында тәрбиелеу маңызды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode