Отбасы бірлігін нығайтады

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы бірлігін нығайтады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жарияланған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, елімізде карантин жарияланды. Соған орай мектепке дейінгі ұйымдар өз жұмыстарын уақытша тоқтатты. Дегенменде бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын тәрбиешілер өз жұмыстарын Whatsаpp желісімен чаттар арқылы мүмкіндіктерінше жалғастырып отыр. Түрлі байқаулар, челлендждер оқушылардың қызығушылығын тудырып отыр. Отбасымен бірге қатысып отырғандары да көп. Ата-аналарының баланы қолдап, демеуі үлкен көмек екені рас. Кез-келген байқауға ұйымдаса, бірлесе қатысу отбасы ынтымағын арттырары сөзсіз. Бұл өз кезегінде отбасы құндылығын биіктетері тағы да аян.