Әрбір бесінші сәби Шымкентте дүниеге келеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Әрбір бесінші сәби Шымкентте дүниеге келеді

Өткен ғасырда Америкада бала туу көрсеткішінің жедел қарқынмен дамуына байланысты «бэби бум» болған еді. Елімізде тоқырау жылдарында бала  санының артуы артта қалып көңіл қабаржытқан. Дегенмен соңғы жылдары әл ауқаттың артуына байланысты біздің елімізде де «бөпе бумы» қытайдың қарқынындай болмаса да алқам шүкір. Елімізде демографиялық дүмпу 1986 жылы болған екен. Яғни, сол жылы 417 мың бала дүниеге келіпті. Ал, 2008 жылғы есеп бойынша 325 мың баланың кіндігі кесілген. Сол жылдардан бері бала туу көрсеткіші көтеріліп келеді. Бұл да көңілге демеу. Әрбір бесінші нәресте еліміздің демографиясына сүбелі үлес қосып отырған Шымкентте туылады екен. Бұл – жалпы ел тұрғындарының 17%-ы осында тіршілік кешіп жатыр деген сөз. Қуанарлық әрі құптарлық-ақ жағдай. Шымқалада балабақша тапшылығы да байқалады. Қазір қаладағы 383 балабақшада 53 мың бала тәрбиеленеді. Бала санының өсіміне байланысты бюджетті жоспарлау барысында бірінші басымдық осы білім саласына беріледі.
Қазақстан өңірлері арасында туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға шаққанда 29,72), Нұр-Сұлтан қаласында (27,67) және Шымкент қаласында (27,53) болды. Бұл қуанарлық әрі құптарлық-ақ жағдай. Шымкенттік аналар бала да тауып, қызметін де атқарып, гендерлік көрсеткішке де көрік қосып жүр.

Нұрбақып Аймағамбет