Гендерлік теңдік стратегиясы...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Гендерлік теңдік стратегиясы...

 Елімізде ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп мәселелерді көтеріп жүр. Гендерлік теңдік стратегиясында шешім қабылдау деңгейіндегі нәзік жандардың үлесін 35 пайызға жеткізу көзделген. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламасын дайындау үдерістерінде гендерлік көзқарасты енгізу қолға алынып жатыр. Қазақстан Республикасы Парламентінің құрамында 22 әйел бар. Бұл депутаттардың жалпы санының 15% құрайды. 3 әйел облыс әкімдерінің орынбасарлары, 5 нәзік жан аудандарды басқарады. Аудан басшылары орынбасарларының 18% ауылдық және селолық округтер әкімдерінің 12% әйелдер. Биліктің ең жоғарғы лауазымының құрамында 4 жауапты хатшы, 6 вице-министр әйелдер өз қызметін атқаруда. Атап өткен көрсеткіш жалпы дүниежүзілік орта стандартарға сәйкес, саяси аренадағы әйелдер үлесінің 35% кем болмауы назарда тұр... 2020 жылдың 1 қаңтарына Шымкент қаласындағы халық саны 1009,1 мың адамды құрады.  1 қаңтарына әйелдер саны – 524,5 мың адамды (52%), еркектер саны – 484,6 мың адамды (48%) құрады. Мәліметтерге сәйкес, қала аумағында орта есеппен 1000 ер адамға 1082 әйел келеді. Сонымен қатар қатынас жас тобына байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, 0-14 жас аралығындағы топта 1000 ер адамға 942 әйел келеді, содан кейін 20 және одан жоғары жастағы әйелдер саны басым бола бастайды, 1000 ер адамға 1180 әйелді құрайды. Ал мемлекеттік қызметте отырған ханымдар туралы статистика жүргізілмеген. Дегенмен басшылық қызметте отырған ханымдар қатары артып келеді.