«Әкелер клубының» көмегі көп
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде игі іс қолға алынған. Мектепте «Әкелер клубы» жұмыс істейді. Балалар мен жастарды қоғамдық өмірде белсенді болуға, жігіт бойындағы түрлі өнерді дамытуда, жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда, бос уақытын тиімді пайдалануда көрсетер көмегі көп. Тәрбиелік мәні зор тағылымды кештердің әр оқушыға берері мол. "Әкелер клубы» түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға алған. Бүгінгі еліміздегі жағдайға байланысты клуб шаралары онлайн түрде өтуде. Өмірде көрген түйгені мол аға буын өкілдері жастарға отбасы құндылықтарын дәріптеп, жаман әдеттерден сақ болуға үндейді.
Нұрбақыт Аймағамбет
«Әкелер клубының» көмегі көп
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode