Мемлекеттік қолдаудың арқасы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мемлекеттік қолдаудың арқасы

Шымкентте кәсіпкерлік саласында тасын өрге өрлетіп отырған нәзікжандылар жетерлік. Солардың бірі  - жеке кәсіпкер Жанат Айсиева.  Жанат Махметқызы фармацевтикалық қызметпен, яғни, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатумен 25 жылдан бері айналысады. Мамандығы да осы салаға қатысты. Шымкент мемлекеттік фармацевтикалық институтын бітіргеннен кейін Жанат Махметқызы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және жеке мекемелерде фармацевт болып жұмыс істеді. Жинаған тәжірибесі де жеткілікті. Ұзақ жылдар бойы жинаған еңбек өтілі де кәсіп ашуға септігін тигізді. Қосымша оқу курстары да көмекке келді. Қаржылы сауаттылық, салық есептілігі де өз көмегін тигізді. Ақыры жоғары жетістікке жетті. Кәсіпкер лицензия алып, өзінің дәріханасын ашты. «Кәсіп бастау үшін әрине үлкен білім қажет. Жан жақты саралап барып, батыл қадаммен бастау керек. Бұған мемлекеттік қолдаулар көп. Мұның бәрі де гендерлік саясаттың, әйел кәсіпкірлігіне көп қолдау көрсетіп отырған мемлекетіміздің арқасы» дейді Жанат Айсиева.