Бақытты отбасылар байқауға қатысуда
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №3- 15-4/47 хатының негізінде жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерін және қазіргі отбасы бейнесін қалыптастыру үшін жағдай жасау, отбасы құндылығын арттыру, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында "Бақыт отбасынан басталады!" атты республикалық бейне интернет-жобасының конкурсы өтіп жатқаны белгілі. Оған Шымкенттегі білім бесіктері жаппай атсалысуда. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №89 мектеп-лицейінде оқитын оқушылар отбасыларымен белсене қатысуда. Байқау кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында өткізіледі. Оған №89 мектеп-лицейден сегіз бақытты отбасы қатысуда. Мектеп ұжымы отбасыларға байқауда бағы жануына тілектестік білдіріп отыр.
Бақытты отбасылар байқауға қатысуда
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode