Мезгілдегі мәселелерді қарастырды
Балаларға жазғы демалысты ұйымдастырудың өзектілігіне байланысты 2020 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен ВКБ режимінде ағымдағы жылы балалардың жазғы демалысын, жұмыспен қамтылуын және сауықтыруын ұйымдастыру бойынша отырыс өткізілді. Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары қатысты. Отырысқа қатысушылар жазғы сауықтыру маусымын ұйымдастыру дайындығын, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, сонымен қатар төтенше жағдай жалғасқан мезгілдегі мәселелерді қарастырды.
Мезгілдегі мәселелерді қарастырды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode