Балалардың амандығы – ересектердің жауапкершілігі
Карантин отбасылық зорлық-зомбылықтың, отбасындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың шарты немесе себебі бола ала ма? Карантин жағдайында отбасындағы агрессия құрбандарына көмектесетіндердің жұмысы тұрақты бақылауда. Барлығымыз бірге осы мәселе бойынша қолдауға мұқтаж жандарға шұғыл көмек көрсетуді жалғастырудамыз.
ІІМ мәліметінше, 2020 жылдың сәуір айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар саны 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,4% - ға, ал балаларға қатысты қылмыстар 8,1% - ға азайған. Сонымен қатар жастар арасындағы құқықбұзушылық дерегі де азайғанын көрсетіп отыр. Мұның бәрі де жүргізілген насихат жұмыстарының нәтижесі. Шымкент қаласында бүгінде карантинге байланысты көшеде бейсауат жүрген дастра жоқ. Бұл өз кезегінде қылмыс санының көрсеткішінің азаюына көмек қолын созатыны сөзсіз әрине. Бүгінде еліміз бойынша сенім телефондары іске қосылған. Шымкент қаласында да сенім телефоны жұмыс істейді.
Балалардың амандығы – ересектердің жауапкершілігі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode