Мобильді топтың жұмысы жанданбақ
Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданының прокуратурасының жəне Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен биылғы оқу жылында Кəмелетке толмағандар жəне жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, анықтау жəне болдырмау бағытында, білім мекемелерінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылық, ақша жинау, қорқытып алушылық деректерді жою мақсатында қалада əр мектепте МОБИЛЬДІК ТОП құрылды. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Төлеген Тəжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда "Мобильдік топтың " кезекті бірлескен онлайн-отырысы өтті. Отырысқа "Мобильдік топ" мүшелері қатысты: Топ жетекшісі, Əл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Момынжанов Ж.М, Мектеп-гимназия директоры Оспанова Ж .С, мектеп директорының оқу жəне тəрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстың ауқымы кең. Сондай-ақ, "Жасөспірім жəне Заң" тақырыбында лекция ұйымдастырылмақ. Іс-шаралар барысында прокурорлар "ҚР-ның Əкімшілік құқық бұзушылық туралы" жəне "Қылмыстық Кодекстері" бойынша жасөспірімдерге қатысты баптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Мобильді топтың жұмысы жанданбақ
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode