Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич NEET жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі, Қаратау ауданы әкімдігі және Қаратау ауданы Полиция басқармасы ай сайын «Шымкент – қауіпсіз қала» бағдарламасы аясында бірлескен жұмыстар атқарып келеді. Аталған аудан аумағында жастар арасында құқық бұзушылықпен қылмысты болдырмау, нашақорлықтың алдын алу және түнгі мезгілдегі (22.00-ден ойынханаларда және 23.00-ден 06.00-ге дейін) кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау жұмыстары бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіліп келген болатын осы уақытқа дейін. Қазіргі уақытта карантин режиміне байланысты бұл шара уақытша тоқтап тұр. Қалыпты жұмыс ырғағына көшкен соң аталған шара қайта жалғасын табатын болады. Дегенмен қазірдің өзінде карантин режимін елемей жүрген бірді-екілі жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode