Өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті

Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Әлемді қамтыған жаhандану дәуірін мойындау басталған осы кезеңде біздің қоғам дарынды, қабілетті, жан-жақты жетілген тұлғаларды қажет етеді.
Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығының әдіскері А.Кисабекова  Өзін-өзі тану пәні мұғалімдерімен жаңа ақпараттық өндірістік ғылыми және басқа да технологияларды жасап, жедел дамыта алған әлемдік нарықта көшбасшылар қатарынан орын алу бағытында білім алушылардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде білім беру үшін жаңа формациядағы педагогтің мазмұндық, құрылымдық моделін айқындау мақсатында «Заманауи білім кеңістігін ізгілендірудің жаңа тәсілдері» тақырыбында қалалық вебинар өтті.
Әдіскер А.Кисабекова ғылыми-техникалық прогрестің ұлттық құндылыққа, отбасылық құдылыққа әсерін анықтауда «Жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.
№ 55 жалпы білім беретін мектебінің Өзін-өзі тану пәні мұғалімі М.Ахметова «Өзін-өзі тану Рухани-адамгершілік білім беру» бағдарламасының психологиялық-педагогикалық, аксиологиялық аспектілерін негізге ала отырып, «Рухани адамгершілік білімнің қазіргі әлемдегі оқыту үдерісіндегі басымдылығы» тақырыбында, № 1 мектеп- интернатының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Д.Аханова жаңа заңнамалар аясында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» негізге ала отырып, құрылған бағдарламаның білім және ғылым саласын дамытуға жоспарланған бірқатар мақсаттары мен міндеттерін, жалпы педагогтерге арналған жобалар, мүмкіндіктердің мазмұнын тарқатты. Қалалық білім бері ұйымдарының ұстаздары кері байланыс жасап, өзіндік ой-пікірлерімен бөлісті.