Онлайн оқуда озат...

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Онлайн оқуда озат...

Бұрын соңды елімізде облысты бірде бір әкім әйел басқармаған болатын. Оған да нүкте қойылды. Жуырда ғана көршілес облысқа Гүлшара Әбдіхалықова әкім болып сайланды. Гендерлік саясаттың жемісі. Әйелдерді көтермелеу бағытында Швеция мемлекеті бізге көрнекі құрал бола алады. Өйткені бұл елдің отыздан астам министрлігінің 60 пайызын әйелдер басқарып отыр. Спикерлері де әйел. Бүгінде швециялық әйелдер елдің саяси өміріне белсене араласып, көп табыстарға жетіп отыр. Әсіресе, олар заң шығару процесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл елде ұлттық заң міндетті түрде гендерлік сараптамадан өтеді. Бір ерекшелігі әрбір заң әйелдердің мүдделері ескеріле отырып қабылданады. Қазір Швецияның парламентінде 40 пайыздан астам әйел депутат мандатына ие болса, 50 пайызы үкімет құрылымындағы орындарды иемденген... Швецияның деңгейіне жете алмасақ та бүгінде бізде де бұл салада қозғалыс бар. Жыл жылжыған сайын көрсеткіш жоғарылап келеді. Бір ғана Шымкент қаласының өзінде қала әкімінің орынбасарлығына дейін көтерілген ханымдар баршылық. Ал қалалық білім басқармасын осы салада тәжірибесі мол Жанат Тәжиева тізгінін жуырда ғана алды. Білікті басшы білім саласын биіктерге көтерері анық. Қазірдің өзінде шымкенттік оқушылар онлайн оқуда озат болып отыр.

Аяулым Арыстанбек